Үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта келе жатқан Лада көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Alash.kz-ке сайтына сілтеп.
Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол апаты бүгін түнгі сағат 2:20-да Алматының Медеу ауданында болды.
- Салдарынан көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Олардың барі Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны екені белгілі болды, - деп хабарлады полициядан.
Төрт адамның өліміне әкеліп соққан апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Қайтыс болғандар - 21-22 жастағы жігіттер.
Оқи отырыңыз: Қонаев қаласында атыс болып, бір жас жігіт қайтыс болды