«Қазақстаның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңі басталды

Үміткерлер ruh.kz сайтында өтінім толтыру арқылы жобаға қатыса алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстаның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының аясында іске асырылатың ең танымды және беделді жобалардың бірі болып табылады. Қазан айында жобаның үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен «Жастар жылы» болып белгіленгенін ескере отырып, биыл 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарлануда.

Үміткерлер ruh.kz сайтында өтінім толтырып, және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 25 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

Новости партнеров