Ең алдымен жылу жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен басқа да әлеуметтік нысандар қосылады
Алматыда 2 қазаннан бастап жылыту маусымы басталды. Бұрын хабарланғандай, ең алдымен жылу жүйесіне әлеуметтік маңызы бар нысандар: денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының хабарлауынша, бүкіл желіге су құбыры тартылып, жылу желісіне қосылу керектігі туралы ПИК хабар берді.
Бұрын хабарланғандай, жылу көздерінің, газ желілерінің, қазандықтардың дайындығы қыркүйек айының соңында 100% қамтамасыз етілді.