6 шілде Елорда күні болып қала ма
Depositphotos
Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Әділет министрлігі Конституцияға түзетулер қабылданса, елорда тұрғындары 6 шілдеде қала күнін тойлайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
16 қыркүйекте Парламент депутаттары елорданың бұрынғы атауы – Астана атауын қайтаратын Конституцияға өзгертулер енгізуді екі оқылымда қолдады. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
«Астана күнін кейінге қалдыру туралы сөз жоқ. «Мерекелер туралы» заңға сәйкес Астана күні 6 шілдеде тойланады», - деді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.
16 қыркүйектің Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға Қазақстандағы президенттік өкілеттік мерзімін қайта қарау бойынша түзетулер мақұлданды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00