Шымкент әуежайы аукционға қойылды

05.10.2020 17:34

Сауданың басталуы 8 қазанға жоспарланған

Kapital.kz

Шымкент әуежайы аукционға қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Электронды сауда платформасының сайтында осындай ақпарат орналастырылған. Ондағы ақпаратқа сәйкес, сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру үшін тендер жарияланған.

Сауданың басталуы 8 қазанға жоспарланған.

Әуежайдың болашақ иесі үшін бірқатар шарттар тағайындалады. Мысалы:

- сенімгерлік басқару кезеңінде объектінің профилін сақтау;

- сенімгерлік басқару кезеңіне кем дегенде 6,0 млрд теңге инвестиция салу;

- әуежайдан маршруттық желіні дамыту есебінен объект ұсынатын жұмыстар мен қызметтердің көлемін ұлғайту және т.б.