Экологиялық шараға жергілікті билік өкілдерінен бастап өнер жұлдыздары, қоғам қайраткерлері және қарапайым халық қатысуда
Алматы ҚР Премьер-министрі бастаған #Birge #TazaQazaqstan жалпыреспубликалық экологиялық акциясына қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аталған акция аясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Көкжайлау шатқалы қоқыстан тазартылып жатыр. Экологиялық шараға жергілікті билік өкілдерінен бастап өнер жұлдыздары, қоғам қайраткерлері және қарапайым халық қатысуда.
#TazaAlmaty челленджіне қатысушылар 5 шақырымға созылған тау жолын жаяу жүріп өтіп, туристерден қалған тұрмыстық қалдықтарды және өзге де қоқысты тазартты.
Айта кетейік, акцияның басты мақсаты – Алматының экологиялық ахуалын жақсартып, халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.