Алматы зообағындағы шимпанзе тордан шығып кетті

instagram.com/almatyzoo
instagram.com/almatyzoo
Шимпанзе жүгіріп келе жатып әйел мен кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы зообағында келеңсіз жағдай орын алды. Шимпанзе торды бұзып, вольерден шығып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv аталмыш баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Приматтар бөліміне кіретін Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде темір торды бұзып, вольерден шығып кеткен.

"Шимпанзе өз аумағынан шығып кеткендіктен стресс жағдайына ұшыраған, жүгіріп келе жатып әйел мен кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынан жедел жәрдем шақырылды. Қазір баланың денсаулығына алаңдамауға болады", - делінген хабарламада. 

Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзені вольерге кіргізді.

"Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір", - делінген зообақ баспасөз қызметінде.

Новости партнеров