Б. Сағынтаев: Алматының зәкірлі инвесторларымен құны $7,5 млрд болатын 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Б. Сағынтаев: Алматының зәкірлі инвесторларымен құны $7,5 млрд болатын 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
Қала әкімі Б.Сағынтаев ОКҚ өткен брифингте қаланы дамыту үшін инвестиция тартудың шаралары туралы мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Алматы Бизнес 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік жаңа бағдарламасы әзірленді. Шағын және орта кәсіпкерлік - алматылықтардың үштен екісін жұмыспен қамтып, салықтардың 63%-ын беруде. Сондықтан қала әкімдігі азаматтарды кәсіпкерлік қызметке кеңінен тарту мәселесіне айырықша көңіл  бөліп отыр. Ол туралы Нұр-сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Бұдан бөлек, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы құрылған. Қаланың 5 ауданында оның филиалдары жұмыс істеп тұр. Мұнда кәсіпкерлер «бір терезе» қағидаты бойынша 525 мемлекеттік қызмет түріне қол жеткізе алады.

«Шағын және орта бизнес жобаларын екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру үшін «Даму» қорымен бірге тепе-теңдік негізде қосымша 2 млрд. теңге бөлінді. Келесі жылы тек осы бағыттың шеңберінде тағы 10 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 554 шағын және орта бизнес жобалары қаржыландырылды, 4,4 млрд. теңге мөлшерінде субсидия төленді (БЖК-2020, АӨК). Жалпы, шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау көлемін биылғы 4,5 млрд. теңгеден келесі жылы 30 млрд. теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ. 


Қала әкімдігі инвестиция тартуға басымдық беріп отыр. Бүгінде Алматы бизнес жүргізу үшін еліміздегі ең қолайлы қала. Doing business субұлттық рейтингінде Алматы қаласы өңірлердің арасында бірінші орынды иеленді.

«Ірі зәкірлі инвесторларды тарту үшін «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі қайта құрылып, оның құрамында Almaty Invest құрылымы пайда болды. Бүгінде сүйемелдеу үшін 7,5 млрд. АҚШ долларына 58 инвестициялық жоба белгіленді. Біз әлемнің инвестициялық радарлар картасына кіруіміз қажет. Жақында Алматыда өткен инвестициялық форум инвесторлардың біздің қаламызға және оның даму жоспарларына қызығушылық танытатынын көрсетті. Біз белсенді жұмыс атқарып жатырмыз», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Новости партнеров