Тіпті балалар алаңының маңынан ін қазып алған. Тұрғындар кешкісін көшеге шығудан қалғандарын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Үй маңында тышқандар қаптап кетті. Қасынан өтуге қорқамыз. Арғы бетінде балалар алаңы бар. Сонда балаларымызды ойнауға жібере алмай отырмыз. Түнде егеуқұйрықтар бір-бірімен төбелеседі. Соңғы рет қашан дәрілегені белгісіз. Сондықтан олар кәдімгідей жайланып алған. У себілсе, мұндай көп болмас еді», – дейді Артем ПЛАТОВ.
Түсірілім тобының артынша, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізітін мамандар да келіп, тышқандарды аулауға кіріскен. Олардың сөзінше осы уақытқа дейін олар Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарында тазалық жұмыстарын атқарып келген. Бостандық ауданы жоспар бойынша, қазан айының 10-нан басталады. Жауаптылар егеуқұйрықтардың қаптап кетуін былай түсіндірді.
«Бұл жерде қоқыс төгетін орын болғандықтан тамақ қалдықтары болады, егеуқұйрықтар сол тамақтың исіне келеді. Тек бұл жерде ғана емес, басқа жерлерде де бар. Бізге қалалық әкімдіктен өтінім түседі, сол өтінімдер бойынша мобильді топ қала бойынша жұмыс істеп жатыр», – деді «Дезинфекция» Ақтөбе ЖШС Алматы қаласы филиалының басшысы Бексұлтан ТҰРДАЛЫ.
Жауаптылар жұмыс істеп жатырмыз деп сендіргенімен Жароков пен Байқадамов көшелерінің қиылысында егеуқұйрықтар бір ай бойы тұрғындардың мазасын қашыруда. Енді, адамдарға 10 қазанға дейін амалдай тұруларына тура келеді