Медициналық қызметтердің сапасы артады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев «Думан» ықшамауданы тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдерінің есептік кездесулеріне іріктеп қатысып келеді. Әр аудан әкімі аудан тұрғындарымен 5 рет кездесу өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Сұлтанбек Алмасбекұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен шешілген инфрақұрылымдық мәселелер туралы баяндады. Өткен жылы жалпы ұзындығы 33 шақырым болатын 19 көшенің сыртқы жарықтандыру желісінің құрылысы аяқталды. 1084 жарық нүктелері орнатылды. Ағымдағы жылы 279 көшеде және 27 аулада 6200 жарық нүктесін орнату жоспарлануда.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, өткен жылы Керей-Жәнібек хандары көшесіндегі тұйық көше тұрғындарының мәселесі шешілді. Көшкін салдарынан жеке үйлердің құлау қаупі болған еді. Қазіргі уақытта беткейді нығайту жұмыстары аяқталды. Жол жөнделіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осылайша 120 адамның өмірі қауіпсіздендірілді.

Сондай-ақ бірнеше жылдан бері көктемгі және күзгі кезеңдерде «Терісбұлақ» өзенінің бойындағы 50-ден астам жеке тұрғын үйді су басқан еді. Бұл мәселе өзен арнасын тереңдете отырып, қалпына келтіру-нығайту жұмыстарынан кейін шешімін тапты. Бұл 300-ге жуық тұрғынның өміріне қауіп жоқ деген сөз.

Өткен жылы 52 аулаға күрделі жөндеу және 30 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы тағы 41 аулаға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызы болып тұр. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Тау-Самал», «Кеңсай», «Көлсай», «Сұлусай» ықшамаудандарында 4 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Осылайша 12 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Жалпы, қала әкімі Б. Сағынтаев атап өткендей, медициналық мекемелерді жабдықтармен жабдықтау мәселесі өзектілігін жойған емес. Өткен жылы жүргізілген аудит қаланың емханалары мен ауруханаларының жабдықталуы небәрі 20%-ды құрайтынын көрсетті.

«Сондықтан біз қаланың медициналық мекемелерін жаңарту мен қажетті жабдықтармен жарақтандырудың үш жылдық жоспарын әзірледік. Осылайша медмекемелердің жабдықталуын 90%-ға жеткізбекпіз. Осы жылға қаражат бөлінді», – деді қала әкімі.

Кездесуді қорытындылай келе, Б. Сағынтаев тұрғындарды ашық әңгімесі үшін алғыс білдіріп, мұндай кездесулер әкімдіктегілерге тұрғындардың талап-тілегін жақынырақ білуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Шағын учаскелердегі мұндай кездесулер әр ауданда өтуде. Тұрғындардың белсенділігі жергілікті сипаттағы проблемаларды жедел шешуге, сондай-ақ қысқа мерзімді және орта мерзімді даму жоспарларына түзету енгізуге септігін тигізеді», – деп атап өтті шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев.

Новости партнеров