Елбасы «Охотзоопрома» инспекторларын марапаттады

Елбасы «Охотзоопрома» инспекторларын марапаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Инспектор Ерлан Нұрғалиев үшінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған қаулыда «Қызметтік борышын атқару кезінде ержүректігі мен жанқиярлығы үшін марапатталсын» делінген. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған.

Ал «Охотзопромның» екінші инспекторы Петр Ницыкқа да дәл осындай марапат берілді.

Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Ерлан Нұрғалиевке «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынған еді.

Естеріңізге салсақ, қос инспектор 13 қаңтарда браконерьлерді ұстаймыз деп соққығы жығылған. Ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген Ерлан Нұрғалиев екі күннен кейін қайтыс болған еді. Бүгінде күдікті үш азамат ұсталған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.



Новости партнеров