|
23.10.2019 | 15:56
9548

Алматыда Герольд Бельгер атына көше берілді

Ұзындығы 1400 метр көшеде 50-ге тарта жер үй бар

Алматыда Герольд Бельгер атына көше берілді

Алматыда саналы ғұмырында теңі бар, бірақ теңдесі жоқ Герольд Бельгерге көше атауы берілді. «Тау самалы» ықшамауданында осыған орай шағын салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шараға жазушы, аудармашы, публицист Герольд Бельгердің Ресейден арнайы туған-туыстары мен жұбайы келді. Жиналғандар ол туралы жылы естеліктер айтып, еске алды. Айтуларынша, бұл - жазушының атына берілген үшінші қаладағы көше. Осыған дейін, Солтүстік Қазақстанда, Қарағанды облысында Герольд Бельгерге көше атауы берілген. Шараға жиналғандар әдеби сыншының есімі мәңгі өшпесе екен деген тілек білдірді.

«Осы көшенің қуанышты азаматтарының бірі ретінде келіп отырмын. Алматы қаласы мәслихатының шешімімен осы әдемі көшеге қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Герольд Бельгер есімі берілді. Сөз жоқ, халықтың бүгін көп жиналатын түрі бар. Бельгерді бәрі біледі екен. Олардың көптеген жазуы, шығарған еңбегі, қазақтың арасында жүрген, қазақтың қасиетті салтын өте терең білетін, шығармалары халыққа біртабан жақын», – деді Алматы қаласы Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдениет КӘРКЕНОВ.

Жаңа атауға ие болған көшенің жалпы ұзындығы 1400 метр. Онда 50-ге тарта жер үй бар. Көше бойына жаңа тақтайша ілініп қойған. Жалпы Наурызбай ауданында соңғы екі жылда 100 көшеге атау берілген. Өзгеріс кезінде әкесінің де атына көше бұйырғаны қызы Ирина Бельгерді шын қуантыпты. Себебі, қазір ол Герольд Бельгердің қолжазбаларын, жеке заттарын жинастырып, мұражайға өткізуді қолға алған.

«Әкеміздің өмірден озғанына 5 жылға жуықтады. 2015 жылдың 7 ақпаны күні одан айырылып қалып едік. Қазір қолымыздан келгенше арда есімін ұмыттырмас үшін естеліктер жинастырып жатырмыз. Қолжазбалары бар. Оларды ретке келтіруді көздеп отырмыз», – деді Г. Бельгердің қызы Ирина БЕЛЬГЕР.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир