Ахан Бижанов: Пандемиялық ахуалға қарамастан, Алматының күн санап дамып келе жатқаны үлкен жетістік

strategy2050.kz
strategy2050.kz
Зейнетақы, коммуналдық төлем, ХҚКО-ның жұмыстарына қатысты барлық шаруаны бір жерден шешіп кете алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Конференция барысында Б. Сағынтаев қаладағы эпидахуал, сондай-ақ қаладаның әлеуметтік және экономикалық дамуы сынды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов қала әкімдігінің жұмысы жүйелі жүріп жатқанын айтады.

«Қала басшысының жасаған соңғы мәлімдемесіне сүйенсек, қалалықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын басты назарға алуы халыққа одан әрі сенімділік беріп, жігерлендіре түсті. Қала әкімі Б.Сағынтаевтың әрдайым халық үніне құлақ асып, үнемі өзі барып аудандарды аралап, тұрғындардың талап-тілегін жерде қалдырмайтыны қуантады. Апта сайын әр сала бойынша тоқталып, қолға алынып жатқан шаралармен бөлісіп, қала тұрғындарының сауалына жауап беріп жүргенін бәріміз көріп жүрміз. Пандемиялық ахуалға қарамастан, Алматының күн санап дамып келе жатқаны үлкен жетістік. Мысалы, күні кеше қаланың бел ортасында ашылған әлеуметтік үй тұрғындар мәселесін шешуге арналған өте тиімді орталық болғалы тұр. Әсіресе, егде жастағы адамдар үшін қуаныш. Өйткені, әлеуметтік үйде 700-ге жуық қызмет көрсетіледі. Зейнетақы, коммуналдық төлем, ХҚКО-ның жұмыстарына қатысты барлық шаруаны бір жерден шешіп кете алады. Осыдан-ақ шаһар басшылығының халықтың жағдайын жақсартуға барынша көңіл бөліп жатқанын көруге болады», – дейді А.Бижанов.

Новости партнеров