Креативті индустрияның болашағы жарқын – Бекнұр Қисықов

Бүгінде, расымен қаламыз креативті тұрғыдан жақсы дамып келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Жиындағы айтылған мәселелерге байланысты жазушы, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі, Еуразиялық франчайзинг қауымдастығы төрағасы Бекнұр Қисықов қала әкімінің креативті индустрияға қатысты пікірін қолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Шаһар басшысының барлық сөзі орынды. Десе де осы тұста маған ерекше әсер еткені креативті индустрияға қатысты айтқан ойы. «Креативті индустрия» термині әр түрлі салалармен байланысты: экономикалық саладан әлеуметтік мәдени салаларға дейін қамтиды. Ол шығармашылық қызметтің әр түрлі салаларында инновациялық технологиялардың елеулі орны: ойындарды әзірлеген кезде, бағдарламалық өнімдердің әр түрінде, виртуалды немесе толықтырылған шыңдық өнімдерінде, музыка, өнер, жарнама, сәулет, кинематография, анимация, дизайн және шығармашылық қызметпен тікелей немесе жанама түрде байланысты басқа да салалар. Бүгінде, расымен қаламыз креативті тұрғыдан жақсы дамып келеді. Мәселен «Алатау» креативті хабы» бар. Мұндай орталықтар, бастамалар, әсіресе қазіргі жағдайда кәсіпкерлерге үлкен көмек береді. Келешекте қалада кретивті индустрия жақсы дамиды деген ойдамын.

Франчайзинг қауымдастығының өкілі ретінде, қала аумағында кәсіпкерлерге жасалатын жағдайды дұрыс деп ойлаймын. Біздің елімізде бизнестің 90 пайызы дағдарысқа дейінгі кезеңге бейімделген. Яғни барлығы тұрақты табыстың болуына үйреніп қалған. Ал дағдарыс кезінде кәсіп жүргізудің әдісі өзгерді. Бұрынғыдай мол табыс түспегенімен, әупірімдеп өмір сүруге болады. Кәсіпкерлердің дені болашақта табыс табу үшін қызметін жалғастыра беруге ұмтылады. Ашығын айту керек, біздің кәсіпкерлер мұндай жағдайға әлі бейімделмеген. Десек те осының өзі елімізде, шаһарда нарықтың қарқынды жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Бұл – жұмыс істегісі келмейтіндер кетеді, олардың орнын  басқалар басады деген сөз. Шаһарда біршама бизнес түрлерінің қызметі тоқтайды. Есесіне жаңа кәсіп түрлері мен кәсіпкерлер пайда болады. Ең мықты брэндтер ғана өзін-өзі сақтап қалады. Алдағы уақытта нарықта демократиялық құндылықтарға бейімделген бизнес түрлері ғана дамиды. Кәсіпкерлер аз айналымнан  көп пайда тауып үйренген. Ендігі жерде бизнесті дамытудың әлемдік үлгісімен жүруге тура келеді. Яғни айналым көп, пайда аз болады. Бұл – тұтынушылар үшін тиімді. Шаһарда пандемия кезінде кәсібі тұралап қалған кәсіпкерлерге жаңа жұмыс орындары ашылатыны айтылды. Мұның өзі қала басшысы тарапынан ұсынылған жақсы мүмкіндік» – деді ол.

Новости партнеров