|
07.06.2023 | 12:40
2979

Алматыда «Жасыл ел» жобасы бойынша 2000-нан аса адам жұмысқа орналасады

Жоба Алматы қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады

Алматыда «Жасыл ел» жобасы бойынша 2000-нан аса адам жұмысқа орналасады kaznaru.edu.kz

Мегаполистің «Жасыл ел» жасағының қатарындағы белсенділер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Өткен жылы уақытша маусымдық жұмыспен 14 пен 35 жас аралығындағы 1900 жас қамтылды. Бұл туралы Алматы қалысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Зухра Иманбаева мен «Жасыл ел» жобасының экосақшысы Мұратхан Тауасар айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жасыл ел» – мектеп оқушылары, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруға, республика бойынша орман алқаптарын құруға, сол арқылы Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жоба. Жоба Алматы қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.

«Әлемдегі жаһандық экологиялық жағдай күрделене түсуде, қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті болып отыр. Өткен жылдың қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтармен кездесуінде «Қоршаған орта азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді. Сондықтан экология мәселесі әрқашан менің назарымда» деген еді. Сондай-ақ «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бекітілді. Оның басты көрсеткіштерінің бірі – жыл сайын кемінде 10 000 жасты жұмыспен қамту көзделген», деді Ж.Иманбаева.

Спикерлердің айтуынша, «Жасыл ел» жасағындағылар қаланы көгалдандырудан бөлек, экологиялық семинарлар мен тренингтерге, қалалық және республикалық сенбіліктер мен балалар үйі, қарттар үйі, ардагерлер үйлеріндегі эко-акцияларға белсенді қатысады.

«Жобаның қатысушылар үшін берер артықшылығы мол. Жастар бір-бірімен танысып, қаланың дамуына үлес қосады», – деп атап өтті М.Тауасар.

Сонымен қатар жасақта эко патрульдер құрылуда, олар қала аумағында рейдтер жүргізіп, экологиялық заңбұзушылық фактілерін анықтайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир