Алматыда екінші мәрте «Елтаным» байқауы өтіп жатыр

Алматыда екінші мәрте «Елтаным» байқауы өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дін мен салт-дәстүр сабақтастығы. Бүгін Алматыда екінші мәрте ұйымдастырылған «Елтаным» байқауы өтіп жатыр,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Діни қызметкерлер қатысып жатқан бұл конкурстың басты мақсаты –  ұлы тұлғалардың діни еңбектерін дәріптеу мен салт-дәстүрі турасындағы имамдардың білімдерін жоғарлату. Өткен жылы басталған жобаны алдағы уақытта республикалық деңгейге шығару жоспарлануда дейді ұйымдастырушылар. Одан өзге қатысушы имамдар байқау алдында бірнеше семнарларға қатысқан.  

«Былтырдан биылғы өткізіліп жатқан ерекшелігі біз алдын ала 4 семинар өткіздік имамдарға. Әр семинарға 20 имамнан қатысты. Семинардың мақсаты –  жалпы Қазақстан қоғамының зайырлы құндылықтары, әдет-ғұрпы салт-дәстүрін насихаттау,  имамдардың білім деңгейін арттыру. Осы бойынша бізде 4 күндік семинар өтті», – деді  Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының

Бүгін шешуші кезеңде қатысушылар қазақтың ырым-тыйымдары, белгілі бір жағдаятқа байланысты уағыз айту кезіндегі тіл тазалығы сынды тақырыптарда сұрақтарға жауап беру арқылы кім мықтыны анықтап жатыр. Жеңімпаздардың есімі түстен кейін белгілі болмақ.

Новости партнеров