|
01.03.2024 | 11:43
1634

Елімізде қанша Наурыз бен Көктем тұрады

Қымыз деген есіммен бір ғана адам тіркелген

Елімізде қанша Наурыз бен Көктем тұрады primeminister.kz

Наурыз мерекесі қарсаңында Наурыз, Көктем есімді қанша қазақстандық бар екені белгілі болды , деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде Наурыз есімді 1472 адам бар, Наурызбай – 2940 адам, Наурызбек – 3206 адам, Наурызхан – 272 адам, Наурызғали – 145 адам, Наурызғали – 82 адам, Наурызгүл – 113 адам, Наурызгуль  – 61 адам.

Көктем есімді 25 адам бар, ал Коктем - 18 адам.

Қазақстанда Күміс деген атпен тіркелген 472 адам бар. Ал Қымыз деген есіммен бір ғана адам тіркелген. Қазақстанда Құрт есімді бес адам тұрады.

Наурыз - түркі халықтары үшін дәстүрлі көктем мейрамы. Ол көктемгі күн мен түннің теңелу күндерінде тойланады. Ежелгі әдет-ғұрып бойынша, мереке алдында адамдар өз үйлерін, айналасын тазартып, қарыздарын өтеуі керек.

Оқи отырыңыз: Жарты ай демалыс: наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир