Алматының Алатау ауданында 15 көшеге жарық қосылды

24.03.2020 17:43

Аудандағы тағы 2024 көшені жарықтандыру жұмысы қолға алынды

inalmaty.kz

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тікелей тапсырмасы аясындағы «Шексіз қала» бағдарламасына сәйкес, Алатау ауданының 15 көшесіне жүргізілген жарықтандыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ендігі жерде аудан аумағындағы бұрын жарығы болмаған 2024 көшені жарықтандыру жұмысы қолға алынып, жүйелі жұмыс басталып та кетті.

Дәл қазір аудандағы «Мәдениет» шағынауданында жөндеу жұмыстары қызу басталды. Осы аумақтағы 17 көшеге жүргізілген құрылыс монтаж жұмысы аяқталып, 15 көше жарықтанды.

Қалған екі көшеге наурыздың соңына дейін жарық қосылатын болады.

Аудан көлемінде осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.