Шымкентте май шығаратын зауыттан өрт шықты. Төтенше жағдай түнде «Қайнар-май» ЖШС-да болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабарлама сағат түнгі 22:36-да түскен. Зауыттағы жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы жіберілген.
«Оттың жабдықты бөлшектеу мен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде қалдық майдың жануы салдарынан тұтанғаны анықталды. Жалын шарпыған аймақ 70 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдайлар департаментінің 38 қызметкері мен 9 техника жұмылдырылған өрт түнгі 23.02-де ауыздықталып, 23.29-да толығымен сөндірілді» делінген хабарламада.
Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі таңда ТЖД қызметкерлері өрттің шығу себептері мен материалдық шығынның мөлшерін анықтауда.