Алатау ауданында алкоголь өнімдерін өндіретін тағы бір заңсыз цех табылды
1000 литрден астам спирт, бос бөтелкелер, қақпақтар, 700 дана акциздік марка табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Алатау ауданында алкоголь өнімдерін өндіретін тағы бір заңсыз цехтың жолы кесілді. Қалалық экономикалық тергеу департаменті мен аудандық прокуратурасының бірлескен шарасының арқасында қолдан жасалған тіркеу-бақылау маркасы бейнеленген ішімдіктер анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тексеру барысында 1000 литрден астам спирт, бос бөтелкелер, қақпақтар, 700 дана күмән тудыратын акциздік марка мен ішімдік дайындайтын аппарат анықталыпты. Сонымен қатар екі жүзден астам дайын өнімдер тәркіленді. Қазір құзырлы орын өкілдері сот алды тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00