Қала әкімі полицейлерге плакатта келтірілген нөмірлерге айыппұл салуды тапсырған
Екібастұз әкімі Нұржан Әшімбетов қаланы аралу кезінде ағашқа жапсырылған концерттің афишасына тап болды. Қала экологиясына қайшы келетін мұндай әрекетке шүйліккен шаһар басшысы плакатты жұлып тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Екібастұз әкімі Ернар Айдардың афишасын алып жатқан видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Әншінің кеші бұл қалада бесінші мамыр күні өтіп кеткен.
«Қала бойынша тексеріс барысында ағаштарға жапсырылған жарнамалардың көп екенін аңғардым. Оларды өз қолыммен шешуіме тура келді», - деп жазған шаһар басшысы.
Сонымен қатар, Нұржан Әшімбетов сәулет және құрылыс бөлімі мен полицейлерге плакатта келтірілген нөмірлерге айыппұл салуды тапсырған.
Әкімнің бұл бастамасын желі қолданушылар да бірауыздан қолдады.
«Осындайды бұрыннан ұсынғым келіп жүреді, айыппұл салу керек. Қаламызда бәріміз бірдей тазалықты сақтайық», «Ең мықты әкім. Әкімдер осындай-ақ, қарапайым болсын. Әрдайым ақкөңіл, ал жұмысты қатал әрі талапшыл»,
«Толығымен келісемін. Дұрыс айтады. Әйтпесе, жарнамаларды қайда болса сонда іле береді. Бұл плакаттарды жапсыратын адамдарды жалдайтын әншілерге айыпұл салу керек», - деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Нуржан Ашимбетов (@n.ashimbetov)17 Май 2019 в 10:22 PDT