Видео әлеуметтік желіде пабликтің бірінде жарияланды
Ақтауда жүріп келе жатқан көліктен бала домалап кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Жақын маңда тұрған көліктің бақылау камерасына бұл оқиға жазылып қалған. Видео әлеуметтік желіде пабликтің бірінде жарияланды.
Жүріп келе жатқан көлік бұрылған сәтте, көшенің қақ ортасында, балақай алдыңғы есіктен жерге домалап түсіп қалған. Көлікті жүргізіп отырған әйел бірден тоқтап, баланы алуға жүгірген. Абырой болғанда, бала аман, өтіп бара жатқан автобустың дөңгелектерінің астына түскен жоқ.
Оқи отырыңыз: Астанада мопед жүргізушісі КамАЗ-ға соғылып, көз жұмды