|
15.05.2019 | 12:50
4064

Жарты жыл көңіл қосқан ғашықтар үйленер кезде туыс екендерін білді

Қыздың әкесі мен жігіттің анасы туыс болып шыққан

Жарты жыл көңіл қосқан ғашықтар үйленер кезде туыс екендерін білді

Бойжеткен бес ай кездесіп жүрген жігіті өзінің жақын туысы екенін білді. Ол басынан өткен оқиға туралы Reddit әлеуметтік жаңалықтар сайтында бөліскен, деп жазды sputniknews.kz.


Gelicca деген қолданушы жазғандай, Hinge танысу қосымшасында жас жігітпен танысып, бірден ғашық болып қалады. Бес ай бойы қыз-жігіт болып жүрген соң, жастар үйленуге шешім қабылдап, бір-бірінің ата-анасымен танысқысы келген.

Ғашықтар ата-аналарын мейрамханаға шақырыпты. Қыздың әкесі жігіттің анасымен амандаспақ болып, орнынан тұрғанда шындықтың беті ашылды.

«Түрі бозарып кетті. Себебі алдында немере әпкесі тұр еді. Бірнеше секундтан соң ол да әкемді таныды», - деп Gelicca туыстарымен қалай танысқанын еске алды.

Отбасылар бір-бірінен жырақта тұрғандықтан, туысқандар ұзақ уақыт бойы көріспепті. Ақыры соңында қыз бен жігіт айырылысты, себебі отбасы діни ұстанымда екен. Бойжеткен қатты қиналғанын жасырмады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир