|
12.09.2024 | 12:50
118

Қазақстанда әскерге 20 жастан бастап шақыру ұсынылды

10 қыркүйекте жарияланған петицияға әзірге 47 адам қол қойған

Қазақстанда әскерге 20 жастан бастап шақыру ұсынылды elements.envato.com

Қазақстанда әскерге шақыру жасын 18-ден 20-ға өзгерту туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz тілшісі.

Петиция epetition.kz сайтында пайда болды. Құжат авторлары әскерге 20 жастан бастап шақырудың бірнеше себебін атаған:

  • Психологиялық және физикалық тұрғыда жетілу
  • Білімін жалғастыру
  • Дезертирлік (әскерден қашу) пен құқықбұзушылық деңгейін төмендету
  • Әскери дайындық сапасын жақсарту

Психологиялық зерттеулер бойынша, жасы есейген кезде әскерге баратын жастардың әскерден қашу деңгейі азаяды

Өзге елдердегі практика, мысалы, Швеция, Германия, Швейцария мен Австрияда әскерге 19-20 жастан бастап шақырылады.

"Әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру әскери қызметтің тиімділігін арттырып, жас азаматтардың мүддесін қорғап, Қазақстанның қорғаныс жүйесінде оң өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз. Осы өтінішті қарап, міндетті әскери қызметке шақыру жасын өзгерту бойынша тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймыз", - делінген құжатта.

10 қыркүйекте жарияланған петицияға әзірге 47 адам қол қойған.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында Білім бөліміндегілер төрт мұғалімді сотқа берген

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир