Пәтер жөнделеді: Астана қаласының әкімі тұрғындарға уәде берді

 Almaty.tv
Almaty.tv
Тілсіз жаудың неден шыққаны әзірге белгісіз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Зақымданған пәтер жөнделеді». Астанада баспаналары отқа оранған тұрғындарға қала әкімі осындай уәде берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдай болған кешенге арнайы барған Жеңіс Қасымбек қызыл жалын салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясы құрылатынын айтты. Сарапшылардың техникалық қорытындысынан кейін пәтерлерге жөндеу жүргізіледі. Тілсіз жауды өшіруге төтеншеліктерден бөлек, тәртіп сақшылары да тартылған болатын.

– Өрт болған аумақта арнайы штаб құрылды. Қазір көпқабатты тұрғын үйдегі әрбір пәтер тексеріліп жатыр. Сегіз адам эвакуацияланды. Қатарында бір бала бар. Зардап шеккендер тіркелген жоқ, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиева.

Қызыл жалын тұрғын-үй кешенінің 26-қабатынан шыққан. Тілсіз жаудан ғимараттың сыртқы жабыны тұтастай отқа оранды. Төтеншеліктер өртті 3 сағатта әрең сөндірген. Құтқарушылардың ақпарынша, жалынды жоюға 90-нан астам өрт сөндіруші мен 20 техника жұмылдырылды. Тілсіз жаудың неден шыққаны әзірге белгісіз.

– Өрт шыққанын естіп бірден жүгіріп келдім. Ата-анамның үйіне кеткенмін. Пәтерімде екі мысығым қалды. Соны уайымдап тұрмын. Ата-анам, туыстарым, бәрі осында. Күтіп тұрмыз, – деді қала тұрғыны Асанәлі Төлеміс.

Новости партнеров