Алматыда автокөлік айнасын ұрлау төрт есе төмендеген

zefirka.net
zefirka.net
Сондай-ақ кісі өлтіру - 6,7%, зорлау - 18,3, 34,3, - автомобиль ұрлығы - 19,2% пайызға азайған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 2019 жылы қылмыстың барлық түрі 10,9 пайызға төмендеді. Мұндай ақпаратты қалалық полиция Департаменті беріп отыр. Қылмыстың азаюының арқасында құқық қорғау органдарының ішіндегі тергеушілердің еңбегі жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әр тергеушінің жұмысы шағын жиналыстан басталады. Кешегі жасалған жұмыстар қорытындыланып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланады. Яғни, нақты жұмыс жоспары бекітіледі.

Тергеуші мамандығы қашан да шынайылық пен төзімділікті, сауаттылықты талап етеді. Олар қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы, Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес, істі жан-жақты зерттейді. Адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымау кез-келген адамның қолынан келе бермейді де.

«Жиналыста әр тергеуші өзінің қылмыстық істері бойынша бастықтан тапсырмаларын алды. Соны орындауға жұмыстарын жасап жатыр. Ал, мен  бүгін кезекшіліктемін. Егер қылмыс болған жағдайда жедел топ құрып, оқиға орнына шығамыз», – деді қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі Мақсат МҰСАХАНОВ.

Түркістан облысының тумасы Мақсат Мұсаханов тергеуші болып қызмет етіп жүргеніне 15 жылға жуықтап қалды. Оның айтуынша, осы  уақытқа дейін бірде бір рет жұмыстан жалыққан кезі болмапты. Қызметтік жолын Түрксіб аудандық анықтаушыдан бастаған ол, бүгінде қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасында аға тергеуші қызметін атқарып келеді. Оның қызметтегі негізгі ұстанымы «ар алдында адал болу».      

Дәл қазір орталықтан хабарлама келіп түсті. Біз оқиғаға орнына баруымыз керек. Бізбен бірге кім барады?

Бізбен бірге қазір жедел уәкіл барады. Жедел криминалистика басқармасының маманы және инспектор кинолог барады.    

Қалалық Полиция департаменті жыл сайын қылмыстың төмендеп бара жатқандығын хабарлайды. Атап айтқанда: кісі өлтіру 6,7% төмендесе, зорлау 18,3, мүлік тонау 17,6, ұялы телефон ұрлығы 34,3, автомобиль ұрлығы 19,2% пайызға азайып, автомобиль айналарының ұрлығы 3,9 есеге төмендеді. Сондай-ақ, тонау 15,0%, қарақшылық 43,0%, бұзақылық 25,2%, есірткі қылмыстары 17,5% азайғандығын мәлімдеді.

Айтпақшы, егер тергеушілер қатарына қосылғыңыз келсе, міндетті түрде жоғары құқықтық біліміңізбен қатар, физикалық және психологиялық дайындығыңыз болу қажет.    

Қылмыс орнына баратын барлық мамандар түгел жиналды. Олар мына көлікке отырып әрі қарай оқиға орнына баратын болады. Ал, бізге әрі қарай баруға рұқсат жоқ. Ал, тергеушінің негізгі міндеті - осындағы мамандарды басшылыққа алып, әрқайсысына жеке-жеке тапсырма беру.

Арнат Дүйсен, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы    

Новости партнеров