1 кг шұжық 650 теңгеден сатылуда: Ауылшаруашылығының экс-министрін шұжық бағасы неліктен алаңдатты

/stan.kz/6
/stan.kz/6
Оның айтуынша, мұндай шұжықта еттің бары екіталай
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласында килограммы 650 теңгеге сатылып жатқан шұжық бағасы ҚР-дың Ауылшаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбековтың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы экс-министр өзінің Facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, мұндай шұжықта еттің болуына ешкім сенбейді.

«Бір килограмм шұжық 650 теңгеге сатылып жатыр. Шұжық халал көрінеді. Мұның артында не жатыр? Егер шұжық әзірленетін шикізат пен еттің өзі 2-3 есе қымбат болса, бұл баға қайдан шығып отыр? Демек айтылған шұжықтан еттен басқасының бәрі бар ғой», - деп жазыпты Мамытбеков.


Бұған қоса ол 650 теңгеге сатылып жатқан шұжық етін тексеретін адамдар кімдер деген сауалды алға тартты.

«Ет комбинаттары мұндай тауар қалай бәсекелестікке түсе алады. Бұл жағдай олардың жұмыс өнімділігіне әсер ететіні сөзсіз. Ет комбинаттарының қызметінің төмендігі шикізаттың жетіспеушілігіне емес, оның артықшылығына байланысты. Сапалы шұжық әлдеқайда қымбат тұрады. Ал қымбат шұжықтың арзан, ешкім тексермейтін өнім тұрғанда сатылып кететіндігі екіталай. Тексерістің қолға алынбауы шынайы бәсекелестікті төмендетеді. Шұжықтың сауда айналымында өтпеуі мал етінің экспортына байланысты деп ойлау қателік», - дейді экс-министр.

Бұған дейін Ауылшаруашылық министрлігі ет комбинаттарының қызметінің төмендігіне алаңдап, тірі мал экспортына тыйым салған еді. Мамытбеков бұл жағдайды ақылға қонымсыз деп санап отырған көрінеді.

Новости партнеров