Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?

13.11.2019 17:51

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2020 жылдың демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді

Қазақстан Үкіметі 2020 жылғы демалыс күндерін ауыстыру кестесін бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz. сайтына сілтеме жасап.

Солайша, 2020 жылдың 5 қаңтары күнгі демалыс 3 қаңтар жұма күніне, ал 11 мамыр дүйсенбі күнгі демалыс 2020 жылдың 8 мамырына ауыстырылады. Сондай-ақ 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбідегі демалыс 18 желтоқсанға ауысады.