Анар Қайырбекова білім және ғылым вице-министрі диссертациялық жұмысының тек 40 пайызы ғана түпнұсқа деген болатын
ҚР білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Тengrinews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Осыған дейін ҚР әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алу департаментінің экс-директоры Анар Қайырбекова білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың диссертациялық жұмысын тексеру барысында тек 40 пайызы ғана түпнұсқа екенін жазған. Кейінірек, Жақыпова мұны медиашантаж деп атады.