Шығыс Қазақстан облысында қар барысы видеоға түсіп қалды

01.08.2024 17:52

Бүгінгі күні паркте қар барысының шамамен 11 дарағы мекендейді

Сгенерировано ИИ

ШҚО-да қар барысы фототұзақ объективіне түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары қар барысы популяциясының жай-күйіне жыл сайын мониторинг жүргізеді. Аршаты орманшылығында биыл қаңтарда орнатылған фототұзаққа кезекті қар барысы түсіп қалған.

"Қар барысының тіршілік ету ортасына байланысты, инспекторлар фототұзақтардың батареяларын жаңарту және флэш-карталарын ауыстыру үшін биік және жартасты жоталарға 3,4 күн жаяу жүреді. Бүгінгі күні паркте қар барысының шамамен 11 дарағы мекендейді", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ірі партияда есірткі тасымалдаған екі ақтөбелік Қызылордада ұсталды