Алматы полициясы шетелдіктерді Қазақстанға шақыратын компанияларды тексеруде

Алматы ПД баспасөз қызметі
Алматы ПД баспасөз қызметі
Заңды бұзған компаниялар жауапқа тартылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Туристік визамен Африка құрлығы елдерінен шетелдіктерді шақырып, олардың дер кезінде отанына оралуына тиісті іс-шара қолданбаған компаниялар жауапқа тартылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 - Тек соңғы аптада шетелдіктердің осы санатына шақыру жіберген және шетелдіктердің ҚР-да болу немесе ҚР-нан белгілі бір мерзімнен кейін кетуі туралы құжаттарды рәсімдеу шараларын қолданбаған немесе келіп жатқандар туралы ішкі істер органдарына уақтылы ақпарат бермегені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған  6 заңды тұлға анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл компаниялар алдағы 12 айда шетелдіктерді елге шақыру құқынан айырылады, - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының басшысы полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ сенімсіз компанияларға қатысты қалалық туризм басқармасына туристік оператор қызметі лицензиясынан айыру немесе тоқтату мәселесін қарау үшін хат жолданды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта аталған компаниялардың біріне қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы - заңсыз көші-қонды ұйымдастыру әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалады, деп таратады Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қанша адам салық төлемей жүр: 27 қазанда болған маңызды оқиғалар

Новости партнеров