Семей, Өскемен және Атырау мектептерінде сабақ тоқтатылды
Sputnuk
Семей, Атрау, Өскемен қалаларында қар жауып, күн күрт суытты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырауда ауа райының күрт бұзылып, қар жаууына байланысты бірінші аусымдағы оқушыларға сабақ болмады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Бүгін Атырау қаласында бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтан босатылады. Екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болатыны немесе болмайтыны туралы түске дейін ескертіледі», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Семей және Өскемен қалаларында бірінші ауысымдағы оқушылар сабақтан босатылды.
«Білім басқармасының қаулысымен ауа райы қолайсыздығына байланысты Семей және Өскемен қалаларында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сыныптардың оқушылары сабақтан босатылды», - деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар қызметі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25