Енді мемлекеттік қызметкерлер үйіне ерте қайтады

Енді мемлекеттік қызметкерлер үйіне ерте қайтады
Таңғы 9.00-де басталатын жұмыс кестесі 8.30-ға ауысты.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің жұмыс кестесі өзгерді. Енді олардың жұмысы сағат 17.30-да аяқталады, деп хабарлайды Stan.kz.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалиннің айтуынша, төрағаның тапсырмасымен агенттік және оның бөлімшелері жаңа жұмыс уақытына көшіп, пилоттық режимге ауысады. Таңғы 9.00-де басталатын жұмыс кестесі енді 8.30-да басталады. Ал түскі ас уақытын 1,5 сағаттан 1 сағатқа қысқарту арқылы агенттік қызметкерлері үйіне сағат 17.30-да қайтады. Бұл пилоттық режим оң нәтиже берсе, басқа да мемлекеттік органдарға енгізіледі. 

«Бұдан қандай пайда көреміз? Біріншіден, мемлекеттік қызметкер жеке өміріне көбірек көңіл бөледі. Өзін жетілдіруге уақыты болады. Спорттық секциялар мен мәдени орындарға бара алады», - дейді Бердалин.

Новости партнеров