Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстың мәслихатының өңірде қайтадан құрылған аудандардың шекарасын айқындау туралы бірлескен шешімінің жобасы ашық НҚА порталына жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ашық НҚА порталына сілтеме жасап.
Құжатта әр ауданның жаңа шекарасы жеке-жеке көрсетілген.
"Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының шекарасы жалпы ауданы 940 777 гектар болып белгіленсін.
Күршім ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 216 969 гектар болып белгіленсін.
Марқакөл ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 102 917 гектар болып белгіленсін.
Үлкен Нарын ауданының шекарасы жалпы ауданы 378 298 гектар болып белгіленсін", - делінген қаулыда.
Қаулы жобасы 18 қаңтарға дейін қоғам талқылауында болады.
Оқи отырыңыз: Қанша қазақстандықтың өз баспанасы бар