Бір апта бойы із-түзсіз жоғалып кеткен екі адам табылды

Бір апта бойы із-түзсіз жоғалып кеткен екі адам табылды
Адасып кеткен екеу 7 күн бойы далада түнеп, қоныс іздеумен әуреге түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

10 қарашада «Охотзоопром»-ның Қызылорда филиалының инспекторлары рейд кезінде «Солдат» дала аймағында Жезқазған қаласының екі тұрғыны Тарашчик Сергей және Шульца Маринаны кездейсоқ кездестірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Адасып кеткен екеу 7 күн бойы далада түнеп, қоныс іздеумен әуреге түскен. Олар осынша уақыт алдарынан тірі жанды кездестірмеген.

«Біз бір апта бұрын балыққа шыққанбыз. Қайтып келе жатқанда боранға тап болдық. Артынша жауын жауып, маңайды тұман басып кетті. Ешнәрсе көрінбеді. Түнімен жол іздеп 400 шақырымдай жүріп тастаптық. Солай жанармайда таусылды. Содан бері осы жерде көлікте жаттық. Құтқарушыларға рахметімізді айтамын», – деді Сергей ТАРАШЧИК.

Жоғалған адамдар табылған кезде «Охотзоопром» инспекторлары барлық қажетті көмек көрсеткен. Олар балықшылардың отырып қалған көлігінің аккумуляторын қуаттап, көліктерін оталдырып, Төтенше жағдайлар департаментіне хабар беріпті.

Новости партнеров