|
15.12.2022 | 13:03
562

Биыл елімізде өлім-жітім көрсеткіші айтарлықтай төмендеген

Бұл статистиканы Ұлттық статистика бюросы ұсынды

Биыл елімізде өлім-жітім көрсеткіші айтарлықтай төмендеген inform.kz

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша елімізде 101,7 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға аз. Бұл статистиканы Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 137,6 мың адамға тең болған еді.

Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, ең көп өлім-жітім Алматы қаласында (9,3 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 35,1%-ға аз), сондай-ақ Қарағанды (8,8 мың адам) және Түркістан (7,4 мың адам) облыстарында (7,4 мың адам) тіркелді, ең азы жаңадан құрылған Ұлытау облысында (1,5 мың адам) тіркелді.

Биыл еліміздің барлық өңірінде өлім-жітім көрсеткішінің айтарлықтай төмендегені байқалды.

Елімізде жиі кездесетін өлім-жітім себебінің ішінде алдыңғы орында қанайналым жүйесінің аурулары тұр: 22,7 мың өлім – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бірден 30,2%-ға аз, деп жазады ranking.kz.

Одан кейінгі орында қатерлі ісік (10,2 мың өлім), тыныс алу органының аурулары (9,8 мың өлім), жазатайым оқиғалар, уланулар және жарақаттар (8,5 мың өлім), сондай-ақ ас қорыту жүйесінің аурулары (8,1 мың өлім) тұр.

Қазақстан өлім-жітім көрсеткіші рейтингісінде 85-орында тұр. Рейтинг өлім көрсеткішін – 1000 халыққа шаққандағы өлім-жітім санын есептеуге негізделген. Біздің еліміздің коэффициенті 8,11 болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир