Қарағанды облысында жартылай бетперде сатып алуға 13,6 млн теңге жұмсаған. Бұл туралы Zertteu Research Institute ҚҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бетперденің бір данасы 68 мың теңге. Барлығы 200 дана алған.
Тапсырыс беруші Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ.
Өнім беруші «GoldenStag» ЖШС-мен келісім-шарт 2020 жылдың 1 сәуірінде жасалған.
Техникалық ерекшелігінде тауарға толық сипаттама берілмеген.
«Аэрозольден қорғайтын фильтрі бар 3М жартылайбетперделері.
Қатты бөлшектердің ауадағы үлесі шамадан тыс көп болуы мен булануы қиын сұйық бөлшектерден жұмысшылардың тыныс алу органдары зиян шегетін жағдайда, солардан жақсы қорғану мақсатында қолданылады. Көмір шаңдарынан қорғайтын сүзгісі бар» делінген хабарламада.
Әзірге Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы бұл туралы қандай да бір ақпарат жарияламады.