Шамалған стансасында жүргіншілер көпірінің құрылыс басталды

30.11.2019 17:56

Көпірдің құрылысына облыстық бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген

пресс-служба акима Алматинской области

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған стансасында аспалы жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Амандық Баталов Қарасай ауданының Шамалған стансасындағы теміржол өткеліне облыс бюджетінен қаржы бөліп, жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір саламыз деген еді. Бүгін сол өткелдің құрылысы басталды. Жұмыс келер жылдың мамырында аяқталады. Аспалы көпірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт қарастырылған», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетейік, көпірдің құрылысына облыстық бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.