|
27.12.2019 | 19:51
4054

Алматылықтар ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсыруда

Қанды Алматы қаласындағы Бұқар Жырау көшесі 47 үй мекен жайы бойынша тапсыруға болады

Алматылықтар ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсыруда

Сондай-ақ, апат орын алғанын естіген алматылықтар мен қала қонақтары таңнан бері жаппай қан тапсырып жатыр. Зардап шеккендерге осылай көмек жасауға асыққан азаматтардың тіпті кезегі жолға дейін созылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Естеріңізге салайын, қанды Алматы қаласындағы Бұқар Жырау көшесі 47 үй мекен жайы бойынша тапсыруға болады. Одлан өзге Алматы облысындағы қан орталығы да қабылдап жатыр екен. Оның мекен-жайы: Қаскелең қаласы. Абылай хан көшесі 42 үй. Сондай-ақ, барлық ақпаратты donors.kz сайтынан білулеріңізге болады.

«Осылай бір бірімізге қолдан келгенше көмек берейік. Біреуге бір көмегіміз  тиіп жатса, разы болар едік», – деді келгендердің бірі.  

«Осы таңертеңгі жағдайды естіген соң бүкіл әріптестерімізбен осында қан тапсыруға келдік. Келген адамдардың саны өте көп. Азаматтардың ұйымшылдығы, жанашырлығы тәнті қылады», - деді келесі бірі.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Бек Эйр
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир