Бүгін "Алматы" телеарнасы Таңғы STUDIO бағдарламасында вайнер, әнші және домбырашы Алексей Лодочников қонақта болды. Ол әлеуметтік желіде әзіл арқылы қазақ тілінде видеолар түсіріп танылған.
"Мен жазда ауа райы туралы видео түсіргенде, көрермендерді қалай қызықтыру керек екенін түсіндім. Сондықтан адамдарға әзіл арқылы қазақ тілін үйретуді қолға алдым", - деді Алексей.
Айта кетейік, Алексей Лодочников балалар үйінде тәрбиеленген, қазақ тілін жақсы біледі.