Қаскелеңде соғыс ардагерлеріне қойылған ескерткішке бейәдеп сөздер жазып кеткен
Нысан осыдан небәрі төрт-ақ жыл бұрын ғана орнатылған екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қаскелең қаласында Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлерге қойылған ескерткішті белгісіз біреулер қорлаған. Қырнап тұрып ұятсыз сөздер жазған бұзақыларға тұрғындар өте наразы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жергілікті билік әлгі ескерткіш туралы видеоны тұрғындар әлеуметтік желіге жүктеген соң ғана қозғала басталған. Әйтсе де, шенеуніктер ескерткіштегі бейәдеп сөздерді толық өшіре алған жоқ. Нысан осыдан небәрі төрт-ақ жыл бұрын ғана орнатылған екен.
«Әлеуметтік желілерден көріп, соған енді мән беріп, тазалау жұмыстарын жүргізе тастадық. Алдағы уақытта арнайы күзетшіні жалдау жоспарда бар», - дейді Алматы облысы Қарасай ауданы баспасөз қызметінің өкілі Бақдәулет ТӘЛІПОВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
05.10.2026 09:24
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр
05.10.2026 09:45