Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы дүние салды

05.01.2020 17:58

Күлімхан Жүндібайқызы 80 жастан асқан шағында көз жұмды

Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күлімхан Жүндібайқызы 80 жастан асқан шағында көз жұмды. Ол Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Еңбек ері, «Күміс алқа» медалінің және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Күлімхан әжейді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 қаңтарда өтеді.

«Күлімхан Төлендиева денесін 7 қаңтар күні  Алматы облысы Қырғауылды ауылына жер қойнауына тапсырады», – деп мәлімдеді Алматы облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қызметкерлері.

«Алматы» телеарнасының ұжымы Арыстанбек Мұхамедиұлына анасының қазасына байланысты қайғырып, көңіл айтады.