Алматыда бауырсақ фестивалі өтті
Онда жұрт назарына он шақты қымыз бен бауырсақ түрлері ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қала күніне арналған шаралар әлі жалғасып жатыр. Алатау ауданы шаһар тұрғындары мен қонақтарына мерекелік сый жасады. Қымыз және бауырсақ фестиваліне келгендер ұлттық тағамдардан дәм татып, оның жасалу жолдарымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қаланың қарбаласынан қолдары босамайтын жұрттың назарына 10-ға жуық қымыз бен бауырсақтың түрлері ұсынылды. Сондай-ақ, мереке барысында қолөнер шеберлерінің де көрмесі ұйымдастырылды.
«Мұны басты бауырсақ дейміз. Ол ашыған қамырдан пісіріледі. Қонаққа сый-құрмет ретінде ұсынамыз. Ал мынау – ақ бауырсақ. Бұрын төрелердің дастарханына ақ бауырсақ салады екен», – дейді Алматы қаласы Алатау ауданы ардагерлер ұйымының мүшесі Несіпхан БАТЫРХАНОВА.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00