|
30.09.2019 | 15:05
2783

Алматы полициясы рейд кезінде 100-ден астам күмәнді автокөлік бөлшектерін тәркіледі

«Жібек жолы» базарында барлығы 98 контейнер тексерілді

Алматы полициясы рейд кезінде 100-ден астам күмәнді автокөлік бөлшектерін тәркіледі

Алматы полициясы автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сататын сауда орталықтары мен базарларда арнайы рейдтер жүргізді. Нәтижиесінде 100-ден астам күмән тудыратын көлік бөлшектерін тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматылық тәртіп сақшылары, мегополис базарларында қылмыстық жолмен келген мүлікті сатып алу немесе сату фактілерін анықтау үшін рейд жүргізді.

«Алматыдағы «Кар сити» және «Жібек жолы» автокөлік базарында арнайы рейд жүргіздік. Сатушылардан ұрланған мүлік сипаттамасына сәйкес келетін автокөлік бөлшектері алынды. «Kaр сити» сауда орталығында орналасқан 164 бутик тексерілді. Әртүрлі маркалы автокөліктердің 34 дана бүйір айна, түрлі өндірушілердің 5 аккумуляторы тәркіленді. «Жібек жолы» базарында барлығы 98 контейнер тексерілді, нәтижесінде әр түрлі маркалы көліктердің 7 дана бүйір айнасы мен 122 көлік батареясы алынды. Рейд барысында барлығы 41 бүйір айна мен 127 аккумулятор тәркіленді», - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

полиция
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир