|
30.11.2019 | 12:59
2464

"Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесуде жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Қатты қуанған бойжеткен ұсынысты бірден қабыл алған

"Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесуде жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео) www.facebook.com/presidentialclubkz

Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өткен "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч барысында жанкүйерлердің бірі сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Манчсетердің" киімін киген жас жігіт трибунаға шығып, сүйіктісіне ұсыныс жасады. Қатты қуанған бойжеткен ұсынысты бірден қабыл алған.

Бұл керемет сәттің видеосын қазақстандық құрама өкілі Facebook парақшасына жариялады.

"Астана" - "МЮ" матчында үйленуге ұсыныс жасады! Жастарға бақыт тілейміз!", - деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық футболшылардың ағылшын командасын жеңгенін хабарлаған едік. "Астана - Манчестер Юнайтед" матчының есебі 2:1 есебімен аяқталған болатын.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

қыз жігіт
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир