Таразда биыл терезеден жеті бала құлаған

29.07.2024 18:24

Алтауы ауруханаға жеткізілсе, біреуі көз жұмды

Almaty.tv

Таразда 3 жылда 46 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Олар – 3 пен 10 жас аралығындағы балалар.  Ал биыл мұндай жағдай 7 рет қайталанған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми дерекке сүйенсек, бұл балалардың алтауы ауруханаға жеткізілсе, біреуі бақилық болған. Осыған байланысты төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері дабыл қағуда. Олар күнделікті рейд жүргізіп, ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырды. Себебі сәбидің көбі терезе торына сүйеніп құлап кетеді. Сондықтан мамандар «бұғаттаушы немесе темір тор орнату керек» дейді. Ал қала әкімдігі әлеуметтік жағдайы осал топтағы және көпбалалы отбасылар үйіне терезе бұғаттағыштарды тегін орнатып бермек.

– Көпқабатты 525 үйді аралап, 15 мыңнан аса жадынама таратылды. Ұялы байланыс операторларымен келісімшарт бар. Операторлар арқылы қауіпсіздік ережелері жіберіліп отырады, – деді Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбеков.  

Оқи отырыңыз: Оралда скутер жедел жәрдем көлігіне соғылып қалды