Он үш жастағы туыс қарындасын зорлап келген: сот үкімі шықты

13.06.2025 19:14

Сот кінәлілердің бірін 20 жылға, екіншісін өмір бойына бас бостандығынан айырған

Tingey Injury Law Firm_Unsplash

Жамбыл облысында қарындасын 6 жыл бойы зорлап келген 2 қылмыскерге үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот кінәлілердің бірін 20 жылға, екіншісін өмір бойына бас бостандығынан айырған.

Еске салсақ, қылмыс Мойынқұм ауданында болған. Екі ер азамат 13 жастағы туыс қарындасына үйінде адам болмаған кезде тұрақты түрде қорлық көрсетіп келген. Аталған іске қатысты сот процесі жабық режимде болғанын айта кетейік. Сотталушылардың бірі өз кінәсін мойындамағанымен, тергеу қос қылмыскердің де қатыстылығын дәлелдеп отыр.

«Екі сотталушыға да кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды өмір бойына атқаруға тыйым салынды. Моральдық зиянды өтеу ретінде азамат М.-дан 3 млн теңге, Н.-дан 5 млн теңге өндірілді. Сот актілері заңды күшіне енген жоқ», – деді Жамбыл облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Оралда оқушы Шаған өзеніне батып кетті