Ақтауда чемпион шенеунік үй қамауына алынды

social.alashinform.kz
social.alashinform.kz
Бұл шешімді 23 ақпанда Ақтаудың мамандандырылған тергеу соты қабылдаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осыған дейін бұлтартпау шарасы түрінде қамауға алынған ақтаулық чемпион-шенеунік Нұрбек Қарабалаев үй қамауына алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл шешімді 23 ақпанда Ақтаудың мамандандырылған тергеу соты қабылдаған. Санкция мерзімі өзгертілген жоқ - 29 наурызға дейін.

Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Ұлттық бюро оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол шетелдік компанияның аккредитациясын шығару шарттарын заңсыз жеңілдету, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты бойынша мұз сарайын салу үшін іс жүзінде сәйкес келмейтін жабдықты (адиабаттық салқындатқыш) жеткізуді растап,  өкілеттікті теріс пайдаланды деген күдікке ілінді. Нәтижесінде мемлекетке бір миллиард теңгеден аса шығын келтірілген», - деді Ұлттық бюроның қоғаммен байланыс департаменті басшысы Арман Бердалин брифинг барысында.

Оның айтуынша, Нұрбек Қарабалаев сот шешімімен қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр. Нұрбек Қарабалаев Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына 2018 жылдың сәуір айында келген.

2013 жылы Naiza FIGHTER атты кәсіпқой-спорт клубын ашқан және заңгер болған.

2004 жылы Қарабалаев қоян-қолтықтан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

2009 жылы әскери самбодан ел чемпионы болды.

2010 жылы осы спорт түрінен ҚР кубогін жеңіп алған.

Оған қоса, 2010 жылы әскери самбодан Киевте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған және Польшада өткен панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

2013 жылы Атырауда өткен панкратионнан ел чемпионатын жеңген. «Қазақстан Республикасының құрметті спортшысы» атағын алған.


Новости партнеров