Атырауда қорапқа салынған 8-9 айлық бала табылды
Бала Атыраудың Сары-Арқа шағынауданында кеше кешкісін табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырауда қорапқа салынған 8-9 айлық бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қоқыс жәшіктерінің жанына тастап кеткен қораптан бала табылғаны жайлы әлеуметтік желі пайдаланушылары хабарлады.
Бала Атыраудың Сары-Арқа шағынауданында кеше кешкісін табылған.
Куәгерлердің айтуынша, баланың денсаулығы жақсы көрінеді, киімі таза, жанына тамақтандыруға арналған бөтелке салынған. Полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, баланың табылғанын растады.
Өзге ақпараттар іс анықталғаннан кейін жарияланатын болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10