Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейстері ашылады

23.10.2019 18:00

Онда Қазақстанның бірнеше қаласынан ұшуымыз мүмкін

Малайзиялық тарапқа Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей әуежайлары арқылы ірі әлемдік қаржы орталықтарына «ашық аспан» режимімен ұшу мүмкіндігін қарастыру ұсынылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазіргі таңда Азиядағы ең алып әуе компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Өз кезегінде әуекомпания өкілдері Рим, Милан, Ницца және Нью-Йорк қалаларында ауа еркіндігінің бесінші дәрежесімен Алматыда тікелей рейстерді ашуға мүдделі екендіктерін білдіріп отыр.